Тимур Құлыбаев Алматы әуежайын сататын болды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Орталық Азиядағы ең ірі әуежай

Алматы әуежайын сатып алғандар 1 млрд долларға жуық қаржы құйып жөндеп, әуежайды заманауи кешенге айналдырмақ, деп хабарлайды қазақстандық Forbes.kz.

Ал Алматы әуежайын сатып алғалы отырған – TAV Airports консорциумы (Францияның Шарль-де-Голль, Орли мен Ле-Бурже халықаралық әуежайларын басқаруға алған Groupe ADP компаниясының еншісінде қарайды) мен VPE Capital (ТМД елдеріндегі акцияларды басқаратын компания) компаниясы. Алматы әуежайының болашағы зор болғандықтан, оны меншігіне алуға қызығушылық танытып отырса керек.

- Қазақстанның қаржылық орталығы саналатын Алматы қаласындағы әуежай – Орталық Азиядағы ең ірі әуежай. 2018 жылы 6 млн жолаушыны қабылдап, қызмет көрсеткен. Олардың жартысы – шетелден келген қонақтар. Қазақстан теңізден алыс жатқан, территориясы ең үлкен мемлекет әрі Орталық Азияның жалпы ішкі өнімінің 60 пайызын өндіріп отыр. Сол себепті Алматы әуежайы ADP Groupe компаниясының даму стратегиясына сай келетін кешен, - деп жазады ADP Groupe.

Ал Алматы әуежайының қазіргі иесі кім деген сауалға жауап іздеп көрсек, көлеңкелі компаниялардың артында Тимур Құлыбаевтың ізі жатқанын аңғаруға болады. Демек, әуежайды сатқалы отырған адам да – Құлыбаев.

Алматы әуежайының 2018 жылғы қаржылық есебіне көз жүгіртсек, әуежайдың иесі Нидерланды елінде тіркелген Venus Airport Investments B.V. компаниясы деп көрсетілген. Ал оның есеп-қисабын жасайтын Deloitte компаниясының аудиторлық есебінде сату жөніндегі келісімді жасаушы тараптардың ішінде негізгі басқарушының кім екендігі нақты көрсетілмеген. Ал бұл Халықаралық қаржы есебі стандартына (IAS) сай келмейді, яғни, келісуші тараптардың ақпараты толық берілуі керек.

Аталмыш құжаттан әуежайды кім сатқалы отырғанын көре алмасақ та, Қазақстан қор биржасынан Нидерландыда тіркелген Venus Airport Investments B.V. компаниясының иесі Сингапурде тіркелген Steppe Capital Pte. Ltd компаниясы екенін білуге болады. Ал ол – Тимур Құлыбаевтің компаниясы. Ендеше бұрын Асқар Әшімбаев пен Сауат Мыңбаевтың иелігінде болған әуежайдың қазіргі иесі - Тимур Құлыбаев. 

Алматы әуежайының табысы өте жақсы, жалпы. 2017 жылы әуежайдың тапқан табысы 55,8 млрд теңге болса, 2018 жылы 65,3 млрд теңге болған. Ал жалпы табыс 10,6 млрд теңгеден 12,7 млрд теңгеге дейін көбейген.

0 Пікір Кіру